28 Мамыр 2024
Страницы КГУ "Общеобразовательная школа "Карагур" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Директор

Өмірбаян  

Смайл Қанат Қантайұлы  1965 жылы 13 наурызда ОҚО Созақ ауданы, Қарақұр  ауылында  (бұрынғы  Энгельс атындағы совхозында)  ұстаздар отбасында  дүниеге келген. 1972 жылы 1 кыркүйекте  «Қарағұр»  ( бұрынғы Энгельс  атындағы) жалпы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып 1982 жылы 25 мамырда мектепті бітірген.

1989-1993 жылы  аралығында Шымкент педагогикалық институтының «Жалпы техникалық пәндер және еңбек» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

1991 жылы  «Қарағұр»  жалпы орта мектебіне технология  пәнінің мұғалімі болып қабылданды. Жоғарғы сынып оқушыларына технология және тарих пәнінен дәріс берді.

Біліктілігі:  Жоғарғы категория

1999 жылдан бері мектеп директорының орынбасары қызметін атқарып келеді. Осы мектепте еңбек еткеніне 32 жыл, жалпы еңбек өтілі 42 жыл.  Педагогика саласында еңбек еткен жылдары көптеген жетістіктерге жетіп  аудандық, облыстық, республикалық марапаттарға ие болды. Осы еңбек еткен жылдарында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

   Қоғамдық  негізде атқаратын жұмыстары:

1.Қарақұр  ауылдық округі қоғамдастық мүшесі

2.Қарақұр ауылдық округі бойынша медиатор.

3.Қарақұр ауылдық әкімшілігінің  «Аманат» бастауыш партия ұйымның төрағасы

4.№709 «Қарақұр» учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.

 

Марапаттары:

 

  1. Қ.Р Білім және Ғылым  Министрлігі  Ұлттық  тестілеу  орталығы  Білім беру жүйесіндегі  тестілеуді ұйымдастыру  мен өткізудегі  жүктелген міндеттерді  жоғары кәсіби деңгейде және белсенді атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен «Алғыс хат» (4 рет) 2013 ж. 2014ж.2015ж.2018ж

2.Облыстық білім басқармасының  «Құрмет грамотасы» 2014жыл.

3.«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ . Курс барысында  шығармашылық белсенділік танытқаны үшін  «Мадақтама».  2016 жыл.

  1. Оңтүсті Қазақстан облытық аумақтық сайлау комиссиясы «Алғыс хат  2016 жыл »

5.«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» 

«Құрмет грамотасы»   2015ж.

6.Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімінің «Құрмет  грамотасы»  2014ж.

7.«Қазақстан мұғалімі» республикалық газетінің білім беру ісіне қосқан зор үлесі үшін «Алғыс хаты»  2014 ж

8.Түркістан облысының  Адами  әлеуетті  дамыту басқармасының  «Құрмет грамотасы»  2019 жыл

9.Аудан әкімдігінің білім бөлімінің «Алғыс хаты» 2019 жыл » «Құрмет грамоталары мен марапатталған»

  1. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы» «Алғыс хат» 2020 жылы
  2. Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі «Алғыс хат» 2021 жыл
  3. «Аманат» партиясы  Түркістан облысы филиалы «Алғыс хат» 2023 жыл
  4. Созақ ауданы әкімі «Алғыс хат» 2023 жыл

Ұжымда беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық  өз саласының білікті маманы. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр ісінің  қыр-сырын  терең білетін маман. Мектептегі  мұғалімдер ұжымымен  жақсы  қарым-қатынаста, Қанат  ұстаздардың шығармашылық пен жұмыс жасауына  бағыт-бағдар  беріп отырады. Жауапкершілігі мол, шығармашылық жағынан  бай, жан-жақты тұлға екендігін дәлелдеді.

Қазіргі таңда білім беріп мектептен  тәрбиелеп шығарған шәкірттері түрлі салада, еліміздің барлық аймағында, нәтижелі еңбек етіп, елдің өркендеуіне үлес қосуда.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар