«Қарағұр» жалпы білім беретін мектебі Қарақұр ауылының қабілетті, дарынды балаларына сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған іргелі білім ордасы. Алғаш 1930 жылы іргетасы қаланып сауат ашу мектебі болып ашылған білім беру ордасы мектеп оқушыларының білімін шыңдап аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан жүлделі орындар иеленуіне зор үлесін қосып келеді.
1930-1933 жылдары "Қарақұр" сауат ашу мектебі
1933 жылы сауат ашу мектебі бастауыш мектеп болып өзгертілді
1937 жылы «Қаратау» бастауыш мектебі болып аталады
1944 жылы И.В.Панфилов атындағы жеті жылдық мектебі болып өзгертілді
1959 жылы жеті жылдық мектеп сегізжылдық болып өзгерді
1967-1968 оқу жылында Фридрих Энгельс атындағы орта мектеп болып өзгерді
1996 жылы «Қарағұр» жалпы орта мектебі атауын алады
2012 жылы «Қарағұр» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
2023 жылы «Қарағұр» жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Мектептің материалдық - техникалық базасы
Жалпы білім беретін мектептің жаңа ғимарат 2009 жылы берілген. Оқу корпусының жалпы ауданы – 5986,0 ш.м., пайдалы ауданы – 3222,5 ш.м., жобалық қуаттылығы – 600 бала, 3 қабатты типтік ғимарат. Сынып кабинеттерінің саны – 28, жаңа модификацияланған химия – 1, физика – 1, биология – 1 кабинеттері, мультимедиялық – 1, информатика – 2 кабинеттері бар.
Жалпы компьютер саны - 58, интернет желісіне қосылған 56. Оқу-тәрбие процесінде оқушылар - 32, мұғалімдер - 26 компьютер қолданады. Интернет желісінің жылдамдығы 30Мбит/с. Интерактивті тақта саны - 8.
Лингафон кабинеті – 12 орындық, 7-11 сыныптарға арналған ағылшын тіліндегі электрондық оқулықтармен жабдықталған.
АӘД-ден «Әскери атақ» бөлмесі, шеруге дайындық алаңшары, қаруды сақтауға арналған бөлмелері бар. Темір өңдеу кабинетінде темір өңдеуге арналған, ағаш өңдеу кабинетінде ағаш өңдеуге арналған станоктар бар. Кең, жарық спорт залы балалардың бос уақыттарында спорттық секцияларға қатысуына мүмкіндік береді, спорт алаңы бар. 312 орындық АКТ залында түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.
Кітапханадағы жалпы оқулық қоры – 18487. Оның 28865 мектеп оқулықтары, әдістемелік оқулық-270 дана.1970-і қазақ, 986-сы орыс тілдеріндегі көркем әдебиет. Оқырмандар интернет желісін пайдалана алады. Кітапхана бөлмесінде оқырмандарға арналған орындар, ақпараттық пункт, каталогтармен жұмыс істеуге арналған орындар бар.
Жалпы білім беретін мектептің ас блогы бөлек орналасқан. Ас блогының паспорты жасалған. Заманауи технологиямен ас пісіру қолға алынған. Тиісті құрал-жабдықтар (электр пеші, мұздатқыштар, т.б.) санитарлық нормаға сай қойылған. Асхананың эстетикалық безендірілуі жақсы, балалардың талап тілектерін жазуға дәптерлері арналған. Балалардың тамақтану нормаларына сәйкес ас мәзірі жасалған. Бастауыш сыныптардан 202 оқушы, жоғарғы сыныптардан әлеуметтік қолдауды қажет ететін 50 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, 144 орындық асхана қажетті құралдармен жабдықталған. Медициналық кабинет - 3 блогтан тұрады егу бөлмесі, оқшауланған бөлме, дәрігер кабинеті. 1 медбике жұмыс істейді. Сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі бар.
Жалпы білім беретін мектеп ұжымы ертеңгі ел тұтқасын ұстар жан-жақты, мектеп оқушыларын білім шыңына жетелеуде аянбай еңбек ете береді. Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой бола бермек.